×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Пенжімде зардап шеккен мектеп оқушысының анасы оның жағдайы туралы айтып берді

30.10.2021, 13:29
Пенжімде зардап шеккен мектеп оқушысының анасы оның жағдайы туралы айтып берді
Фото: Ulysmedia.kz

Алматы облысының Пенжім ауылындағы төбелесте жарақат алған мектеп оқушысының анасы оның жағдайын айтты. Бір күн бұрын оған ұлының қалын біліп шығуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ktk-ның мәліметінше, жасөспірімнің жағдайы жақсарып келеді.

«Дәл қазір мен үшін маңыздысы – ұлымды өз көзіммен көру. Ұлым осындай жағдайға қалай тап болғанын түсінбеймін. Басқа балалардың ата-аналарымен көрістік. Ұлым аяғынан тұрып кеткенше ешкімді кешіре алмаймын», - дейді Күлшаш Серікбаева.  

16 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алған. Миына ота жасап, гематомасын алып тастаған. 29 қазанда баланы жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырды. Қазіргі уақытта Нұрболдың жағдайы тұрақты, есін жиды.

«Емделуі бойынша болжамымыз жақсы. Клиникалық қаулы негізінде енді екі апта ауруханада жатады. Одан кейін үйіне жібергенмен, оңалту шараларын жасап тұрамыз. Мұндай жарақаттан кейін міндетті түрде оңалту жұмыстары жүргізілуі кере», - дейді Панфилов ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ерболат Бегембеков.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Панфилов ауданындағы мектептердің бірінде оқушылардың төбелескені, оның ізінше түнде бір топ адамның көшеде жүргені туралы видео тараған болатын.

Кейін анықталғандай, 9-шы және 10-сыныптың оқушылары сөзге келіп қалған. Біреуі қазақ, екіншісі ұйғыр бала. Қазақ оқушы соққыға жығылып, ауруханаға түскен. Соны мектеп оқушылары әлеуметтік желіге жүктеп, таратып жіберген. Сол видеоны көрген ауылдың жастары кешкісін көшеге шыққан. Сабаған тараптан кешірім сұрауды талап еткен.

Сонымен қатар, кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үйлер мен көліктердің әйнектерін сындырған.

Болған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды