×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

"Қазақ пен ұйғыр баласы төбелесіп қалған": Панфилов әкімдігі Пенжімде түнде не болғанын айтып берді

28.10.2021, 09:39
Коллаж: ulysmedia.kz

Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат ulysmedia.kz тілшісіне Пенжім ауылында кеше түнде не болғанын айтып берді.

- Әлеуметтік желі қолданушылары Пенжімдегі жағдайды қазақ-ұйғыр қақтығысы деген ақпарат таратып жатыр. Бұл рас па?

- Жоқ. Ондай жағдай емес. Кеше мектептің екі оқушысы сөзге келіп қалған. 9-шы және 10-сыныптың оқушылары. Біреуі қазақ, екіншісі ұйғыр бала. Қазақ оқушы соққыға жығылып, ауруханаға түскен. Соны мектеп оқушылары әлеуметтік желіге жүктеп, таратып жіберген. Сол видеоны көрген ауылдың жастары кешкісін көшеге шыққан. Сабаған тараптан кешірім сұрауды талап еткен.

- Әлеуметтік желіде өртенген нысанның видеосы тарап жүр. Бұл жағдайдың сол оқиғаға қатысы бар ма?

- Сол кезде бір отбасының үйінде өрт шыққан. Оның бұл жағдайға қатысы жоқ. Көбі шатастырып жатыр. Ал ол өрт басқа себеппен тұтанған. Ол өрт өшірілді. Кеше бәрі тарады. Бүгін қос тарапты тыңдап көру үшін арнайы жиын өтеді.

- Түнде жиналған жастар бейбіт түрде үйлеріне тарады ма?

- Иә. Прокуратура бар, ауылдың ақсақалдары, әкімдік қызметкерлері болып жастардың пікірін тыңдап таратты. Төбелес ештеңе болған жоқ.

R.S. Ауруханаға түскен баланың ағасына хабарласқанымызда ол кісі болған оқиға туралы ештеңе айтпайтынын мәлім етті.

Еске салсақ, кеше түнде әлеуметтік желіде Панфилов ауданындағы мектептердің бірінде оқушылардың төбелескені, оның ізінше түнде бір топ адамның көшеде жүргені туралы видео тарап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаны «қазақ-ұйғыр қақтығысы» деген. Бұған дейін Алматы облысында оқушылар төбелесі жаппай тәртіпсіздікке әкелгенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Пенжім ауылы Қазақстан мен Қытайдың шекарасында, Қорғас бекетіне 3-4 шақырым жерде орналасқан. Пенжім ауылдық округіне Пенжім, Ават, Ынтымақ, Қорғас ауылдары кіреді. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 8298 адамды (қазақ пен ұйғыр аралас) құраған. 

Серіктес жаңалықтары