×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда тауық еті мен жұмыртқа өндірушілерге қатысты тергеу басталады

30.10.2021, 14:50
Қазақстанда тауық еті мен жұмыртқа өндірушілерге қатысты тергеу басталады
Фото: ашық дереккөз

Бағаның өсуі байқалған аймақтарда тауық еті мен тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты тергеу басталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткізген орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі бойынша кеңесте айтылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Түркістан облысында тауық жұмыртқасын өткізушіге қатысты тергеу жүргізді. ӘМАТ-қа сауда үстемесін төмендету туралы өңірлік сауда желілерімен және күнбағыс майын ірі көтерме жеткізушімен монополияға қарсы комплаенстің 10 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 135 актісі жасалды.

«Бағаның өсуі байқалған аймақтарда тауар нарықтарын сараптау аяқталып, тауық еті мен тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты тергеу басталады», - делінген хабарламада.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,1% құрады. Бұған жұмыртқа бағасының 0,7%-ға және қырыққабат бағасының 0,8%-ға қымбаттауы әсер етті.

Сонымен қатар пияз (-0,9%), қарақұмық жармасы (-0,6%), сиыр еті мен рожки (0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Сүзбе, сәбіз, күнбағыс майы, күріш және қант бағасы өзгерген жоқ.

Жалпы, биыл қазан айында ӘМАТ бағасының динамикасы 2016-2020 жылдардағы осындай кезеңдегі орташа мәндермен (1%) салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынын (0,7%) көрсетті.