×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Көзі ашық вахабиспіз»: өзен жағасында ұршық иірген әжені қолдаушылар көбейді

Коллаж: ulysmedia.kz.

Еліміздегі су тасқынына байланысты әлеуметтік желіде суды қайтарады делінетін ырым-жоралғылардың видеолары тарап жатыр. Солардың бірі – ұршықты кері иіру, деп жазады Ulysmedia.kz.

Күні кеше оралдық әже де Жайықтың жағасына келіп, ұршығын кері иіріп отырғанда діншіл бір жігіт келіп, оның әрекеті теріс екенін айтқан болатын.

- Андағы қойдың жүні. Ондай нәрсе болмайды, апа, - деп айғайлайды.

- Болмайды деп тұрған сен - бүгін туған баласың. Бұл менің ата-бабамның, халықтың ата-бабаларының жасаған ырымы. Сен қазіргі бақабистердің әңгімесін айтпа, - дейді әжей.

- Мен де халықпын ғой, - дейді сөзге дес бергісі келмеген әлгі жігіт. - Біз вахабист болсақ та көзі ашық вахабиспіз ғой. Алладан «прямой» тілеуге болады. Сіз сияқты қаншама апалар үйлерінде жатыр...

- Мен бахабис емеспін. Мына тер сіңген жіп «иірімді кері қайтарады» деген қазақтың нанымы болған.  

- Ол нәрсе практикада жоқ қой, апа, - дейді «көзі ашық вахабист».

Енді, міне, әлеуметтік желіде әжені қолдаған фотолар пайда болып жатыр. Журналист Оңғар Қабден сол суреттің бірін бөлісті.

– Енді апамызды қолдау үшін қыз-келіншектер жаппай ұршықпен фотоға түсіп, онысын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр, – дейді ол.

Оқи отырыңыз: «Көзі ашық вахабиспіз»: Оралда ұршық иірген әжей мен бейтаныс ер адам дауласып қалды (ВИДЕО)

Серіктес жаңалықтары