×
$
452.12
€
508.95
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.12
€
508.95
₽
5.41

«Сұмдық жағдай»: қазақстандық әйел Air Astana ұшағында ақшасы ұрланғанын айтты

Бүгін, 15:00
«Сұмдық жағдай»: қазақстандық әйел Air Astana ұшағында ақшасы ұрланғанын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы тұрғыны Маргарита Королева Air Astana әуе компаниясының Алматы – Ыстанбұл бағытындағы рейсінде 450 доллары мен банк картасынан айырылғанын мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, ақша қол жүгіндегі рюкзактың түбіне жасырылған әмиянда болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Маргарита басынан өткен жағдайды әлеуметтік желіде бөлісті. Оның болжамынша, ақша ұшақ ішінде жоғалған болуы мүмкін. Сол кезде өзі мен бірге сапарға шыққан адамдар фильм көріп отырып, салонда кімнің қайда жүргеніне мән бермеген.

– Достар, бұл нағыз сұмдық! Өте жағымсыз жағдай. Air Astana компаниясының Алматы – Ыстанбұл рейсінде қол жүгіміздегі рюкзактан 450 доллар мен банк картасын алып кеткен, – деп жазды ол.

Әйел ұшаққа мінер алдында ақшаның әмиянында болғанына сенімді екенін айтады.

– Бәлкім, біз кино көріп, айналамызға аса мән бермей отырған кезде болған шығар. Кімнің орнынан тұрып, кімнің отырғанын байқамадық. Бірақ ұшаққа мінер алдында ақша рюкзактың түбіне жасырылған әмиянда болғаны анық, – деді Маргарита.

Ақшасының жоғалғанын байқаған әйел полицияға арыз жазып, Air Astana әуе компаниясының қолдау қызметіне де хабарласқан.

Әуе компаниясы мұндай жағдайда кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту және келтірілген шығынды өндіріп алу үшін құқық қорғау органдарына арыздану қажет екенін түсіндірді.

– Жолаушылардың багажындағы заттардың ұрлануына қатысты істерді тергеу құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Әуе компаниясының мұндай тергеу жүргізуге өкілеттігі жоқ. Егер қылмыс Қазақстаннан тыс жерде жасалса, оның нақты қай жерде болғанын анықтау мүмкін болмаса немесе қылмыстық әрекеттер бірнеше жерде жасалса, іс тергеу аяқталған жердегі сотта қаралады, – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Контекст

Еске салайық, қыркүйекте Air Astana компаниясының Алматыдан Вьетнамның Дананг қаласына ұшқан рейсінде ерлі-зайыпты жинаған ақшасынан айырылғанын хабарлаған еді.

Олардың айтуынша, екеуі ұйықтап жатқанда белгісіз біреу қол жүгінен 3400 долларды алып, орнына құны жоқ банкноттардың бумасын салып кеткен.