×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: ҚМДБ мәлімдеме жасады

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: ҚМДБ мәлімдеме жасады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Әлеуметтік желіде мешітте болған төбелестің видеосы тарап жатқанын жазған болатынбыз. Осыған байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мешіт ережесін өрескел бұзған

Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.

Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде, – дейді ҚМДБ.

Оқи отырыңыз: «Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Сарыағаштағы мешітте төбелес болды (ВИДЕО)

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады.

Еске сала кетсек, ҚМДБ бекіткен «Мешіт ережесі» бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.