×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Елімізде бензин тапшылығы бар деп айтуға негіз жоқ – Энергетика министрлігі

07.11.2021, 10:15
Елімізде бензин тапшылығы бар деп айтуға негіз жоқ – Энергетика министрлігі
Фото: ашық дереккөз

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

«Бензин тапшылығына еш негіз бен алғышарт жоқ. Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу WhatsApp-қа +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді.», - делінген хабарламада.

Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.