Абай қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада барлығы 64 жұмысшы болған, оның 56-сы дереу эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР ТЖМ-ның мәліметінше, Қарағанды облысындағы шахтада метан газының кенеттен шығуы орын алды. Бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алды. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады.
Оқиға орнында қалған 8 қызметкердің 6-ауы қайтыс болды, 2-еуі жарақат алды (ақпарат анықталуда). Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс процесі тоқтатылды. ТЖ-ны жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.