×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Қарағандыда саяжай қоғамдастығының төрағасы мен қоғам белсендісі кісі қолынан қаза тапты

Бүгін, 14:05
Қарағандыда саяжай қоғамдастығының төрағасы мен қоғам белсендісі кісі қолынан қаза тапты
Pixabay.com

Қарағандыдағы «Оптимист» саяжай қоғамдастығы аумағында екі адамды атып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қайтыс болғандар — саяжай қоғамдастығының 43 жастағы төрағасы Иван Коровин мен 55 жастағы қоғам белсендісі Нина Серова.

6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан атындағы аудан аумағынан атыс қаруынан жарақат алған екі адамның денесі табылған.

Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ұсталды

Полиция 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның саяжай қоғамдарының бірінен атыс қаруынан жарақат белгілері бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылды. Полиция 56 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.