×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Апаттан қаза болған кеншілердің аты-жөні белгілі болды

07.11.2021, 12:13
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды ​​облысының әкімдігі «Абай» шахтасында метан газының кенеттен шығуы салдарынан қаза тапқан кеншілердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ekaraganda.kz-ның мәліметінше, барлығы 6 адам қайтыс болды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің ең жасы небәрі 31 жаста.

Қаза тапқан кеншілердің нақтыланған тізімі

Шмидт Виталий Владиславович, 1979 ж.т.;

Скитченко Николай Николаевич 02.08.1968 ж.т.;

Абдуллин Наиль Рамильевич, 1990 ж. т.;

Супрунов Алексей Алексеевич, 1987 ж. т.;

Краус Сергей Юрьевич, 1983 ж. т.;

Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 ж. т.

Зардап шеккендер:

Маралбаев Женис Мерекеевич, 1963 ж. т.;

Зейналов Элайдын Авез-оглы, 1960 ж. т.

Құрамында компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар жедел штаб құрылғаны хабарланды. Облыс басшылығы мен компаниялар қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барып жатыр.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің жетекшілігімен төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Абай қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада барлығы 64 жұмысшы болғанын, оның 56-сы дереу эвакуацияланғанын жаздық

Серіктес жаңалықтары