×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Адам шығыны жоқ. Ақтаудағы жарылыстың мүмкін себебі айтылды

08.11.2021, 07:48

Маңғыстау облысының орталығы Ақтаудағы жарылысқа газдың ауаға таралуы себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі. Ал адам шығыны жайлы ақпарат, жергілікті ресми биліктің айтуынша, жалған.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың сөзінше, құрамына дәмхана мен көлік жөндеу орны, қоймалар мен дүкендер кіретін кешендегі жарылыс газдың ауаға тарап кетуі салдарынан туындауы ықтимал. Оқиға орнынан екі сұйық отын баллоны шығарылған.

«Ғимарат иесінің айтуынша, қоқыс астында әрқайсысысы 50 литр болатын тағы екі газ баллоны бар. Толығырақ ақпарат авариялық-құтқару жұмыстары жойылғаннан кейін жүргізіледі», - дейді ол.

Кинологиялық қызметтің жүргізілген барлау жұмысы бойынша жарылыс орнында зардап шеккендер жоқ екені анықталып отыр. «Шерқала» кешенінің иесі барлық жұмысшылар бұл ғимараттан кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін шығып кеткеніне сендіреді.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Ажмұхановтың мәліметінше, жарылысқа байланысты әзірге ешкім жүгінбеген. Жансақтау бөліміне де ешкім түспеген.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Ақтауда 7 қараша күні шамамен сағат 21.18-де орын алған жарылыс салдарында 14 адам қаза тауып, 25 адам жансақтау бөліміне түсті деген жазба тараған еді.

Соңғы дерекке қарағанда, 10 автокөлік зардап шекті.