×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Көк» мәртебелі азаматтар да сауда орталықтарына еркін кіре береді

09.11.2021, 15:04
«Көк» мәртебелі азаматтар да сауда орталықтарына еркін кіре береді
Фото: Ашық дереккөзден

Еліміздің екі ірі қаласы - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында азаматтар жай күндері де «көк» статуспен сауда және ойын-cауық орталықтарына кіре беретін болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Бұған дейін аталған шаһарларда сауда орталықтарына тек коронавирус індетіне қатысты «жасыл» мәртебесі бар, яғни вакцина алғандар ғана бара алады деген ақпарат тараған еді. Бұл ретте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған тыйымға қарсы шықты.

Бүгін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов «Ашық» жүйесі орнатылған барлық нысанға демалыстан тыс, жай күндері «көк» мәртебелі азаматтар да еркін ене алатынын мәлім етті.

 «Жай күндері бейтарап мәртебесі бар адамдарға ойын-cауық және сауда орталықтарына баруға тыйым салу қарастырылмаған», – дейді ол.

Астанада да әкімдік демалыс пен жай күндері бірдей 8 қарашадан бастап ОСО-лар тек «жасыл» азаматтарға ғана қолжетімді болады деп хабарлағанымен, әзірге санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан жоқ. 

Жалпы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, еліміздің қай өңірінде болсын екпе алмаған жандарды ОСО-ларға кіргізбеуден тағы бизнес зардап шегеді деп санайды.

“Мұндай қадам вакцинация қарқынына әсер етпейді. Адамдар бәрібір екпе жайы тексерілмейтін жерге, яғни базарға, даладағы сауда орындарына барады”, – дейді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.