×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жұлдызды жұптардың балалары кімге ұқсаған және қайда жүр

16.11.2021, 12:45
Жұлдызды жұптардың балалары кімге ұқсаған және қайда жүр
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақ эстрадасы жұлдыздарының балалары танымалдығы жағынан кейде ата-аналарынан кем түспей жатады. Камераның жарқылына туа сала бой үйреткен балалардың жүріс-тұрысы әрдайым қоғам назарында. Ulysmedia.kz өнерде де, өмірде де жарасым тапқан жұлдызды жұптардың балаларының галереясын жинақтады.

Халық әртісі Роза Рымбаева мен белгілі композитор, дирижер, «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі Тасқын Оқапов жайлы бұған дейін көп айтылды. 1979 жылы үйленген олардың Әли және Мәди есімді ұлдары бар. 1999 жылы жолдасы өмірден өткен соң әнші ұлдарының тегін өз фамилиясына ауыстырған.

«Екі ұлым әкесіз қалған кезде, үлкен қорқыныш болды. Мен жыл бойы сапарда жүремін. Маған бірдеме болып кетсе, бұлар қайтеді деген қорқыныш болды. Содан тым құрыса атағым балаларыма көмек болар деп ойладым. Сол қорқыныштан екеуінің де тегін «Рымбаев» деп ауыстырдым. Бірақ, мектеп бітірген кезде Әли «Мама, мен Оқапов боламын» деді. Келістім. Мәди менің тегімде қалды. Мәселе текте емес. Олар өмірде өз орындарын тапса екен», –  деді Роза Рымбаева баспасөзге берген сұхбатында.

Әли Оқапов анасына ұқсап, өнер жолын қуды. Инста парақшасында жеке концерттері мен жеке өмірі туралы жазып тұрады. Музыкант Иманбекке қатысты анасы Роза Рымбаеваның даулы мәлімдемесіне орай ұлы Әли басу білдіріп, оқырмандар оны «сөзге тоқтамды жігіт» деп ризашылық білдірген болатын.

Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков сомдаған Қыз Жібек пен Төлеген рөлі қазақ киносындағы шоқтығы биік туындыға айналды. Аты аңызға айналңан фильмнің түсірілімінде танысқан Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың Жібек, Томирис есімді қыздары мен Фараби есімді ұлы бар. Бір қызығы олар әке-шешесінің есімін пайдаланып танымал болуға ұмтылған емес, әке мен шеше атына сын келтірмеуді ойлады ма, әлеуметтік желілерде көп көріне бермейді. Жібек Тастанбекованың мамандығы – журналист.

Димаш «I am singer» жобасында жеңімпаз атанған соң Света мен Қанат Айтбаевтар отбасының танымалдығы тіпті арта түсті. Димаштың ата-анасы ретінде оларға жер-жерден тілек жаудырып жатқандардың легі әлі толастаған жоқ. Қанат Айтпаевтың айтуынша, өнер жұлдыздары студенттік шақта институтта «Қыз сыны» байқауында танысқан. Жұлдызды жұптың Димаштан бөлек, Раушан есімді қызы және Әбілмансұр есімді тағы бір ұлы бар. Димаш инстаграм парақшасын еркін жүргізеді, бүгінде 3,6 млн жазылушысы бар. Посттарынан байқағанымыздай, әуежайларда үнемі гүлмен қарсы алатын жанкүйерлер легі толастаған емес. Мұндай халықаралық деңгейдегі құрмет қазақстандық көп әншілерге бұйырмаған.

Айткүл мен Қанат Құдайбергеновтер қазақ эстрадасында дуэт құруды алғаш болып бастағандардың бірі. Олардың сахнада жүргеніне аттай 40 жылдан асты. Төрт баласы да ата-анасының ізін басып келеді. Мәселен, Айбол - күйші, әнші, әрі сазгер. Ал Ербол шертер аспабында ойнайды. Ерболат - халыққа танымал эстрада жұлдызы.  Салтанат қыздары ән айтумен қатар, актрисалық өнерді де қатар алып келеді.

Бекболат Болманов – қазақ ән өнеріндегі көпбалалы ата-ана Қарақат пен Қыдырәлінің тұңғышы. Бала кезінен футболға әуестеніп өскен Бекболат жаттығу кезіндегі фотосуреттерімен оқырмандарын жиі қуантып тұрады. Еуразия ұлттық университетінде студент болып жүргенде, ұстаздары оның сабаққа жиі келмей қалатынын айтқан еді. Қазір ол шешесімен Мальдив аралдарында қыдырып жүр. Жасөспірім шағында «қыздардың жүрегін жаулап жүрген қаһарман» ретінде танылған ол есейе келе фото салуды мүлдем сиретті.

Қарлығаш Мұхамеджанова да ата-анасы сияқты шығармашылыққа ден қойды. Бүгінде әлемге әйгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен белгілі сазгер Төлеген Мұхамеджановтың қызы Қазақстандағы танымал актрисалардың бірі. Тұрмыста, күйеуі Бекболат Балғымбаев бизнесмен. Қарлығаштың алғашқы комедиялық рөлі Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабина 2» фильмімен басталады.

«Көршінің қызымен» танылған Тоқтар мен Бейбіт бүгінде жиын-тойда төбе көрсете бермейді. Олар жұрт сияқты тойға арнаса да жаңа ән жазып көзге де түскен жоқ, ұзақ жылдардан бері үнсіз. Халық жадында жылы естеліктерімен қалған екеуінің бүгінде төрт баласы бар.

«Ең салмақты бақыт – отбасың. Мен үшін отбасым – ең бірінші қымбатым», – деп жазды Тоқтар инстаграм парақшасына.