Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінен кейін қазақстандықтарға танымал болған прокурор Айжан Аймағанованың шені өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аймағанова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейне жариялады. Онда ол подполковник погондары бар формамен жүргені байқалады.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың сот процесіне айыптаушы тараптың атынан қатысқан Аймағанова ол кезде әділет майоры дәрежесінде болатын.