×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматыда автобус терезесін сындырғандар анықталды

16.11.2021, 00:51
Фото: ашық дереккөз

Алматыда автобустардың терезелерін сындырған оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, автопарк басшысы Алатау ауданының полиция басқармасына шағым түсірген.

Оның айтуынша, бір ай ішінде белгісіз біреулер №25-ші бағыттағы бес қоғамдық көліктің терезелерін сындырған. Тексеру іс-шаралары барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары болып шықты.

«Олар біздің ауданда тұрады. Олардың ата-аналары балаларының заңсыз әрекеттері үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435-бабы «кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық» бойынша жауапқа тартылды. Бұл баптың санкциясы 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды қарастырады», - дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, жасөспірімдер ювеналды полицияның есебіне қойылды. Балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлуметтік желілерде Алматыда автобус терезелерін таспен сындырғаны туралы сурет жарияланғаны туралы жаздық. 

Серіктес жаңалықтары