×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аймағамбетов неге алаңдаулы?

16.07.2024, 19:49
Аймағамбетов неге алаңдаулы?
parlam.kz

Денсаулық сақтау нысандары қалай салынып жатыр? Сапасы қандай? Бұл сұрақтарға депутат Асхат аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысында Ұлттық жоба аясында салынып жатқан объектілерді араладық. Проблемалары көп: құрылыс сапасының төмендігі, құрылыс жобаларының кешігуі, салынған нысандарды асығыс қабылдау рәсімі, заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, қаражаттың уақытылы бөлінбеуі сияқты мәселелерді айтуға болады – дейді депутат.

Ол бір ФАП-ты (фельдшерлік-акушерлік пункт) салуға өте қомақты қаражат бөлінгенін айтады.

Біз барған 169 м² жуық нысанды салуға 150 млн-нан астам қаражат бөлінгені айтылды, бірақ құрылысшылар оның сапасы мен жобасына қарап, бұл жұмыстың одан аз тұратынын айтып отыр. Әрине, экспертизасыз ешкімді айыптауға болмайды, бірақ сапа төмен екені көрініп тұр. Жылыту жүйесі – мобильді электр батарейлері арқылы жүзеге асырылған. Мұндай жылыту жүйесі заңнама талаптарына сай емес, осыған орай оны ресми балансқа алып, бюджеттен қаражат төлеудің өзі проблемаға айналған – дейді Аймағамбетов.

Ол барлық жобалық-сметалық құжаттаманы бір ұйым дайындағанын, сол ұйым жұмысты үлгермей жатқанын айтты.

Неге бір жобалаушы компанияға бәрін беріп қойғандары түсініксіз. Жылдың соңына дейін тағы 50-ден астам нысан салынып, оның қаражатын мердігерге жыл аяқталғанға дейін аударып, қабылдап алу керек деген талап жоғары жақтан қойылған деп жергілікті қызметшілер алаңдаушылық білдіруде. Егер үлгермей, қабылдап алмаса, құрылысты жергілікті бюджеттен өздерің саласыңдар деген ақпаратты естіп, асығыс шешім қабылдау қаупі бар. Аталған нысандар бойынша әлі конкурс та өткен жоқ, қаражат та бөлінбеген. Сонда сапалы құрылысты қалай үлгереді? Осылайша, өте керемет Ұлттық жоба төмен сапаны көрсету қаупі бар. Бұл мәселелер тек облыстық құрылыс басқармасына ғана байланысты емес, жүйелі сұрақтар да көп. Осы проблемалар бойынша Үкіметтегі әріптестерімізбен жедел сөйлесіп, нақты шаралар қабылдаймыз – деді депутат.