×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Ковидті жеңді, бірақ... Ауруханадағы Арон Атабек қызымен жолықты

16.11.2021, 08:40
Арон Атабек қызы Айданамен түрмеден шыққанда

Коронавирус дертіне шалдығып, ауруханаға түскен қоғам қайраткері, диссидент ақын Арон Атабекке ұзақ уақыттан соң қызы кірді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айдана Айдархан әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Алматыдағы жеке емханада жатқан әкесімен бірнеше минут жүздесу мүмкіндігі берілгенін жазды.

«Шынымен-ақ енді Аронды өз үйімізге, оның отбасына алып кетеміз бе?» – деп ойладым мен, Аронға жақын адамдар ортасында таксимен жүйткіп бара жатып. Клиниканың кіреберісінде өзімізді таныстырдық, дереу бізді оның жетекшісі қарсы алды. Сәл алға озып, ол клиниканың атауын мен әлі де айта алмайтынымды ескертем. Бұл жолы дәрігерлердің өз өтінішімен. Әкемнің өмірі солардың қолында, демек, мен олардың Гиппократ антына адалдығына кәміл үміт артамын», – деп ішкі сезімін жеткізді ол.

«Әкем кереуетте сұлық жатыр екен. Тамағына, ерлердің жұтқыншағы тұратын жерге, әлдебір түтік тығып қойған. Сол арқылы демалады, сол арқылы, демек, сұйық тамақ ішкізеді. Таза, жарық палата, батыс киноларындағыдай заманауи жабдықтар. Тек әкемнің терімен қапталған жартылай тірі қаңқасы мен бурыл сақал-мұрт қылтанды бейнесі жүрегіме аяздай тиді! Әкем мені жылдам таныды. Жартылай сұсты, жартылай қуақы көздері жарқ ете қалды. Содан өзімнің бұрынғы әкемді таныдым. 2006 жылдың ыстық шілдесінде керек болар деп алып кеткен заттарымен біздің лашығымыздан «Шаңырақ ісі» бойынша тергеуге кетіп, қайтып оралмаған әкемді. Содан, міне, 15 жыл өтіпті!», – дейді Айдана.
Арон Атабектің перзенті әкесі тезірек сауығып кетсе екен деген арманын жасырмады. Дәрігерлер ковидті жеңу мүмкін болғанын айтқанымен, басқа өткір сырқаттар бойынша күрделі процедуралар күтіп тұрғанын жеткізген. Жазба иесі әрі қарай да жаңалықтармен бөлісіп отырмақ.
Серіктес жаңалықтары