×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«Сбер» шпиондық жүйе арқылы ақпарат ұрлайды – қоғам белсендісі

18.11.2021, 09:27
Фото: Ашық дереккөзден

Эко-белсенді, мамандығы бойынша IT маманы Азаматхан Әміртай осылай мәлімдеді  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сбер мемлекеттің қолдауымен өмір сүріп отырған, 25 мыңдай адам жұмыс істейтін үлкен мекеме. Оларда дайын өнім, электрондық үкімет жоқ. Жоқ өнімнің ашық кодын қалай бере алады?! Таңғалатыным осы ғой. Сосын орысша бағдарламау тілін қайтпекпіз? Бұл мерседестен запорожецке ауысып мінген іспетті масқара жағдай ғой. Билік осының бәрін түсінуі керек», – деп жеткізді көкейіндегісін Азаматхан Әміртай.

Сонымен қатар, сарапшының сөзінше, барлық IT жүйеде арнайы ақпарат ұрлайтын шпиондық (тыңшылық) бағдарламалар болады. Осылайша Қазақстан Сберге көшсе, мемлекеттің 90% құнды ақпараты Ресейге берілмек.  

«Бізде технологияны алға қояды да, адамдар мен процестерге салғырт қарайды. Адамдар дайын болмай, қандай бағдарламаны болсын енгізу қисынсыз. Министр компьютерщик, бірақ барлық өмір компьютерде жатқан жоқ қой. Адам адаммен, бизнеспен қатынасып, білім күшейгенде ғана технологияны қабылдау қажет. ІТ саласын бірінші орынға қою қате. Мысалы Қазақстан темір жолы кезінде Мәскеу арқылы басқарылған ақпараттық жүйені әлі күнге ауыстыра алмай отыр. Осының кесірінен Қытайдан келген вагон Қазақстанға табыс түсірмей-ақ Ресейге өтіп кетіп жатыр. Сбер енсе, экономикалық-саяси экспансия жасалып, мемлекетімізді сатып жіберген боламыз. Спорт мен мәдениет сияқты бағыттарды қоспағанда, 70% тәуелсіздіктен айырыламыз», – деп алаңдаушылық танытты қоғам қайраткері.

Серіктес жаңалықтары