×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Гранттар: тіс дәрігері болғысы келген 35 адам бір орынға таласқан

06.08.2024, 10:46
Гранттар: тіс дәрігері болғысы келген 35 адам бір орынға таласқан
kazagro.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ШЕТ ТІЛІНІҢ МҰҒАЛІМІ БОЛҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕР ДЕ КӨП

Министрдің айтуынша, жалпы алғанда, ҰБТ нәтижесі бойынша ең жоғары конкурс басқа мамандықтарда да болған. Мысалы, тіс дәрігері болу үшін бір орынға 35 адам адам таласса, халықаралық қатынастар мамандығына бір орынға түсу үшін 12 адам құжат тапсырған. Сол сияқты аударма ісі (1 орынға 10 адам), психология (1 орынға 9 адам), құқық (1 адамға 8 адам), сызу пәнінің мұғалімі (1 орынға 8 адам), шет тілі мұғалімдерін даярлауға (1 орынға 8 адам) сұраныс көп болған.

БИЫЛ 181 МЫҢ ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Бұған дейін хабарланғандай, биыл мектептен 186 мыңнан астам түлек түлеп ұшса, 181 мыңы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тест тапсырды.

Тест кезінде білім бәйгесіне түскен талапкерлердің 81,43 пайызы тиісті нәтиже көрсеткен.

Жалпы алғанда, елміз бойынша орташа балл 72 балл болған.

Бакалавриатқа 79 мың грант бөлінген. Соның ішінде 19 344 грант инженерлік, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласына берілген.