×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Миллиардер Ким байлығын көбейтіп жатыр

06.08.2024, 10:56
Андрей Лунин

Bloomberg жер-жүзіндегі миллиардерлердің тізімін жаңартты. Бұл тізімде  адамдардың арасында отандастарымыз Владимир Ким, Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе бар, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ИЛОН МАСКТІҢ ТАБЫСЫ – 235 МЛРД ДОЛЛАР!

Тізімнің көшбасында Илон Маск келеді. Оның табысы - 235 млрд доллар. Одан кейінгі орында  Джефф Безос тұр. Ол 191 млрд доллар жинаған.  Үшінші орынға Бернар Арно (182 млрд доллар) орналасып отыр.  Одан кейінгі сатыда Марк Цукерберг (174 млрд доллар) тұрса, оның өкшесін 155 млрд доллармен Билл Гейтс басып келеді.

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ ЖАРТЫ ЖЫЛДА 1,35 МЛРД ДОЛЛАР ПАЙДА ТАПҚАН 

Ал елімізден шыққан миллиардер Владимир Ким 374-орында тұр. Ол 7,39 млрд доллар жинаған. Bloomberg-тің хабарлауынша, кәсіпкер биыл жыл басынан бері 234 млн «жасыл қағаз» көлемінде табыс тапқан.

Вячеслав Ким 435-орынға шықты. Оның дүние-мүлкі 6,51 млрд долларға бағаланған. Ол да жыл басынан бері атап айтарлықтай пайда тапқан. Бизнесмен жарты жылда табысын 1,35 млрд долларға көбейткен.

Михаил Ломтадзе әзірше 448-орынды қанағат етіп отыр. Кәсіпкердің қалтасында 6,38 млрд доллар ақша бар. Ломтадзе де 6 айда табысын 1,33 млрд арттырған.

ЛАКШМИ МИТТАЛ ДЕС БЕРЕР ЕМЕС

Елімізге аты-шулы үнді бизнесмені Лакшми Миттал болса, ТОП-100 миллиардердің қатарыга қосылған. Ол 19,3 млрд долларымен 100-орынын сақтап отыр. Бірақ үнді 1,26 млрд долларынан айырлып қалды. Өйткені, былтыр желтоқсан айында  Қазақстан ArcelorMittal компаниясының активтерін 286 млн долларға сатып алды. Бастапқы кезде Миттал  3,5 млрд доллар сұраған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі кезде АҚШ елі 100 млн доллардан асатын капиталы бар мультимиллионерлер (9,9 мың адам) және 1 млрд АҚШ долларынан асатын капиталы бар миллиардерлер (788 адам) саны бойынша да көш бастап тұр.

Серіктес жаңалықтары