×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке ерекше ат мінгізді

06.08.2024, 15:25
Instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі Францияның астанасынан Олимпиаданың чемпионы атанып келген дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізді, деп хабарлады Ulysmedia.kz өнер иесінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«АЛТЫН-АЛТЫН ЕМЕС, СЕН – АЛТЫНСЫҢ»

Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионы алтын медаль алған күні ауырып қалып, лайықты құттықтай алмағанын, дегенмен оған ерекше сыйлық жасағысы келетінін айтты.

«Алтын – алтын емес, сен – алтынсың» деп әндетіп тұрмын. Париж Олимпиадасында топ жарған Елдосты да құттықтай алмадым. Сол кезде қатты ауырып қалған едім. Асықпай құттықтаймыз. Олимпиадаға кетіп бара жатқан кезде бірге шай ішіп, бата қылып едік. Соны Құдай қабыл еткен екен.

Кетіп бара жатқан кезде ағаларым берген аты бар еді, мықты аттың төлі. Соны сол жерде беремін деп отыр едім, ол Шымкентке жетпей қойды. Содан кеткеннен кейін өзіне «жаңа бере алмай қалдым» деп жазып жібердім. Ұлдарыңыздың алып келген алтын медалі құтты болсын. Өте қатты қуаныштымыз, – деді әнші.

КӨКПАРҒА, ТОЙҒА МІНЕРСІЗ!

Сонымен бірге әнші спортшының жеке телефон нөміріне хабарлама жазып жібергенін скриншот жасап, көрсетті.

Алла бере салған Елдосым! Мынау сізге атаған тұлпарым болсын! Сіз кетемін дегенше, Шымға жетіп болмаған соң айта алмап ем. Көкпарға, тойға мінерсіз! Тұлпарыңыз салым сала берсін, өзіңіз алтындар ала беріңіз, досым! Кез келген уақытта, қашан алып кетемін десеңіз де Шымкентте дайын тұр. Құт болсын! Алтын адамсыз ғой! – деп жазды Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке.

Қазір Елдос Сметовке ел-елде, жер-жерде құрмет көрсетіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары