×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Қостанай облысында 300 мыңға жуық заңсыз шылым сатыла жаздаған

08.08.2024, 12:12
azh.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз шылымды сатқысы келген адамдарға қатысты 4 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Рейд кезінде сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары анықталды.

Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды.

4 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді.

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІ 168 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ БАҒАЛАНДЫ

Темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады.

Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады.

Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарашылары 30 мың қорап темекі өнімдерін елімізге заңсыз алып өтпек болған контарабанда өкілдерін ұстағаны туралы хабарланды.