Бас прокуратура мемлекетке миллиардтаған ақшаға бағаланған мүліктің қайтарылғаны туралы мәлімет таратты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Бағалы мүліктің бәрі жекелеген азаматтар мен компаниялардың иелегінде болған.
Кейбір жекелеген азаматтар мен компаниялар жерлер, компаниялар, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, қымбат автокөліктер мен басқа да бағалы әшекейлердің қайтарды. Бұл адамдар елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі арнайы мемлекеттік реестрге кірген. Олар өз еркімен жаңа жоғары технологиялық жобаларға инвестиция құюға келісімін беріп, 30 млрд теңге көлемінде ақша салды, - делінген хабарламада.
30 МЛРД ТЕҢГЕНЕ 300 МЫҢ АДАМҒА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Осы жоба аясында алдағы уақытта химиялық және байытылған тамақ өнімдері мен басқа да өндірісті дамытуға арналған кәсіпорындар салынады. Бұл жерлерде кемі 300 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады. Кәсіпорындардан жылына 1 млрд теңге салық алынады.
Бүгінде елдегі және шетелдегі жылжымайтын мүліктер мен банктің есеп шоттарына тексеру жүрізіп жатыр. Жылжымайтын мүліктің өзі триллиондаған теңгеге бағаланып отыр. Қазірдің өзінде мемлекетке 325 млрд теңге көлеміндегі активтер қайтарылды. Оның ішінде 272 млрд теңге әлеуметтік-экономикалық маңызды жобаларға жұмсалды.
Сонымен бірге жоғарыда атап өткеніміздей, жекелеген азаматтар мен компаниялардан мемлекеттің қазынасына қайтарылған жерлер, компаниялар, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, қымбат автокөліктер мен басқа да бағалы әшекейлерден 50 млрд теңге түсті. Енді осы сомадан 5 млрд теңге алынып, мәдени-ағарту орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл орталық түрмысы нашар, мемлекеттің көмегіне мұқтаж адамдарға арналып салынады.
ЕНДІ 11 МЛН ДОЛЛАРДЫ ҚАЙТАРУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР
Одан басқа Активтерді қайтару жөніндегі комитет шетелге кеткен 11 млн доллар мен зергерлік бұйымдарды қайтаруды мақсат етіп отыр. 2022 жылдан бері мемлекеттің қазынасына 1,7 трлн теңгеге бағаланған мүлік қайтарылды. Оның ішінде шетелге шыққан 750 млн доллар бюджетке түсті.
Жалпы, жыл басынан бері Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылған, оның ішінде ақшалай қаражат, 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары, қымбат зергерлік бұйымдар бар.