×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Автосалон клиенттерге сапасыз көліктің ақшасын қайтарып берді

08.08.2024, 16:19
Автосалон клиенттерге сапасыз көліктің ақшасын қайтарып берді
kazgazeta.kz

Түркістан облысында соңғы 7 айда халыққа 54 млн теңгеден астам қаражат пен  10 млн теңгеден асатын сапасыз екі автокөліктің құны толықтай қайтарылды. Тұтынушы құқығын және «Сауда қызметін реттеу» туралы заңының баптарын бұзған кәсіпкерлерге 716 788 теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

ТАҒЫ ДА АВТОСАЛОННЫҢ ҮСТІНЕН АРЫЗ ТҮСІП ЖАТЫР

Жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 988 өтініш келіп түскен. Оның 238-і жазбаша, 335 жедел желі арқылы болса, жеке қабылдауларға келген азаматтар 391 өтініш жазғып қалдырған.

Мекемеге қабылдауға барған адамдар бөлшек саудада сапасыз тауарлар сатып алу кезінде туындайтын проблемаларға, тауарды айырбастау мен оны қайтару, тұрмыстық қызметтерді сапасыз ұсыну, жиһаз дайындау мен оны жөндеу, дұрыс қызмет көрсетпеген кәсіпкерлерге  шағымданған, - делінген хабарламада.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 320 ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Тұтынушылардың өтініштері негізінде кәсіпкерлерге 320 әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, айыппұлдар және ескертулер берілді.

Елімізде бұдан басқа да автосалондарда сапасыз көліктер мен көліктің қосымша жабдықтарын заңсыз сатылып келгені анықталды.  Мысалы, Алматыда автосалондар көліктің қосымша жабдықтарын заңсыз сатып келген.