×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Күдікті екі адамды 400 мың теңгеге сатқысы келген

12.08.2024, 11:32
gov.kz

Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ҚАЙЫРШЫ БОЛУҒА МӘЖБҮРЛЕГЕН

Күдіктіні Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Ш» есімді азаматтың қайыршылық жасауға мәжбүрлеген адамды басқа адамға 400 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұстады.

«Ш» есімді азамат соңғы екі жылдан бері мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеген.  Ол бірден қамауға алынды.

ТАҒЫ 10 АДАМ КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысуы мүмкін екенін анықталып,  тергеу басталды. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Полиция өзге ақпараттың ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейтінін хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Енді адам саудасымен айналысқан қылмыскерлерге қатысты жаза бұдан да қатаң болады.