×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Үкімет ауыса ма? Бюджет тапшылығы 10 трлн теңге! Оқу жылына 280 мектеп дайын емес - Ұлыс апта

01.09.2024, 17:19

Сол жағалауда күзгі саяси маусымның ашылуы ауыс-түйістен басталғандай. Президент жарлығымен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жұмысынан босатылды. Себеп - Париж олимпиадасының нәтижесі болса керек. Үкіметтің басқа мүшелері қызметтерін сақтап қала ма? Олжас Бектенов туралы қазақстандықтардың пікірі қандай?

Бюджет тапшылығы 10 трлн теңге! Үкімет тағы Ұлттық қорға қол салмақ. Әу бастағы миссия ше, ұрпаққа бірдеңе қала ма?

Биыл мектепке 4 млн бала барды. Бірақ 280 мектеп дайын емес. Ала жаздай не тындырды.

Сөз бостандығы туралы. Журналистер енді Үкіметте министрлерге жолай алмайды. Неліктен?

АЭС-ке қатысты референдум өткізу туралы қаулы қабылданды. Сіз өз таңдауыңызды жасауға барасыз ба? Ұлыс медиа арнайы сауалнама жүргізді.

TikTok-тағы ру жарыс? Трайбализмды ашық насихаттап, стримнен ақша тауып отырғандар қалай жазаланады?

Өзбекстанда қауға сақал жібергендер шетінен қырынуға мәжбүр. Ал Ауғанстанда тәлібтер әйелдің ән айтып, би билеуіне шектеу қойды.

Осы және басқа маңызды жаңалықтарды “Ұлыс аптадан” көріңіздер!