×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Біз бақытты өмір сүрдік» - 9 қабаттан секіріп кеткен марқұмның күйеуі

23.11.2021, 14:29
Коллаж: ulysmedia.kz

Алматыдағы қайғылы жағдайда тұтас отбасынан айырылып қалған ер адам өзі де өмір сүргісі келмейтінін айтады деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Терезеден балаларын лақтырып, өзі секіріп кеткен әйелдің күйеуімен Informburo.kz тілшісі телефон арқылы сөйлесті.

«Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз болдық. Әйелім балаларыммен үйде отырса, мен базарда қара жұмыс істедім. Қазір ешқайда істемеймін. Ол кезде үйде болмадым», – дейді Нұрсұлтан Оразов.

Оның сөзінше, әйелінде суицид жасағысы келетін белгілер байқалмаған. Отбасы Алматыда алты жыл тұрған.

«Баспана жалдап тұрдық, жалақы мардымсыз еді. Әке-шешем де жұмыссыз, Шымкентте тұрып жатыр. Білімім жоқ. Ештеңе, әлеуметтік көмек болмады. Қатаң карантин кезінде де, сұрағанымызда, түк бермеді. Әйелім Халыққа қызмет көрсету орталығына, әкімдікке, бәріне жүгінді. Маған бас тартты дейтін. Үш баланың ішінде ұл бала екіде, үлкенім алтыда және ортаншы қызым бесте еді. Қазір өзім де өмір сүргім келмейді», – дейді қайғы иесі.

Марқұмдарды жерлеу ертең Шымкентте өтпек. Алматы полициясы аталған трагедияның алдын ала себебі ретінде отбасылық-тұрмыстық жанжалды атауда. Кейінірек әйелдің жазып кеткен хат мәтінін жарияладық.

Серіктес жаңалықтары