Қазақстандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевтың 30-35 жас аралығындағы көмекші іздейтіні туралы хабарламасы көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Айдын Рахымбаевтың Facebook парақшасына жариялаған жазбашы оқырмандарының наразылығын тудырды.
«Назар аударыңыздар! Көмекші іздеймін! Маған қоғамдық жұмыстар бойынша көмекші керек. Бұл жұмыс «IQanat», «Аналар үйі» және басқа да жобалармен, сондай-ақ әлеуметтік желілермен, менің тренингтеріммен байланысты. Жазылмай қалған жазбалар, қаншама ұсыныс бар, бірақ жекеме келген хабарламаларды оқитын уақыт жоқ. Бизнес бойынша жақсы көмекшім бар, бірақ оның жұмысы онсыз да көп», - деп жазды қазақстандық кәсіпкер Facebook парақшасына.
Ол көмекшісіне қойылатын талаптарды да атап өтті.
«Сонымен, оқыған, білімді, үш тілді білетін, жақсы жазатын көмекші керек. Қазақ тілінде көптен бері жазғым келген, бірақ грамматикам жақсы емес. Көмекшімнің жасы 30-35 жас аралығында болуы керек, сондай-ақ белсенді, батыл, позитивті болуы шарт. Отбасылық жағдайы маңызды емес. Менімен жұмыс істегісі келетін, қызықты жобалардың қатысушысы болғысы келетін, қаламақысы да жақсы көмекші Назарбаев Университетінің немесе «Болашақ» бағдарламасының түлегі болса да болады. Сонымен қатар, болашақта ВІ-да карьера жасай алады. Түйіндемені bekbatchaeva_a@bi.group HR поштасына жіберу керек», - дейді ол.
Хабарландыруды оқыған оқырмандар «Жасына, жынысына қатысты дискриминация», «Ал маған үйленбеген бастық керек», «Жасым 42-де болса да 35 жастағы адамға ұқсаймын» сияқты түрлі пікірлер жазды.