×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Жемқорлық кінәлі»: Белгілі заңгер бейбіт күнде 270 сарбаз қайтыс болғанын айтып, дабыл қақты

«Жемқорлық кінәлі»: Белгілі заңгер бейбіт күнде 270 сарбаз қайтыс болғанын айтып, дабыл қақты
Фото: ашық дереккөз

Қоғам белсендісі, белгілі заңгер Айгүл Орынбек үш жылда әскерде 270 сарбаз қайтыс болғанып, айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бізде адам өліп жатса да жүйеге қарсы шығуға болмайды!»

Оның айтуынша, әскери бөлімдерді жайлаған сыбайласқан жемқорлықты көп әскери қызметкер ашынып айтқысы келеді, бірақ соңында өздері қудаланатынын біліп, үндемейді.

Біз той тойлап, қонақ күткенді қатырамыз, бірақ өзіміздің азаматтардың жағдайын жасауға келгенде тырықтық жасаймыз!

Бейбіт уақытта үш жылда 270 сарбаз қайтыс болған. Соғыс болып жатқан көрші ел Ресей мен Украинада бұндай көрсеткіш жоқ шығар. Кім кінәлі? Әрине, сыбайласқан жемқорлық!

Әскери бөлімдерді жайлаған сыбайласқан жемқорлықты көп әскери қызметкер ашынып айтқысы келеді. Бірақ соңында өздері қудаланатынын біліп үндемейді. Қаншама қызметкер ақиқатын айтып, арыз жазып соңында өздері қудаланған. Бізде адам өліп жатса да жүйеге қарсы шығуға болмайды! Себебі жүйелі түрде мына елді жеп отырғандар көп! – деді Айгүл Орынбек.

«Біз қалай ел боламыз?!»

Оқи отырыңыз: «Армиядағы өлім қашан тоқтайды, мырзалар?!» әскерде көз жұмған сарбаздар саны жайлы

Сондай-ақ заңгер жазбасының соңында Бас әскери прокуратураға қайырылып, әскер саласындағы біраз былық жүріп жатқанын жайып салды.

Бас Әскери Прокуратура! Әскери қызметкерлер жұмысқа «жауынгерлік кезекшілікке» демалыссыз түсетінін білесіңдер ме? Әскери қызметкерлерден әр премиядан қолма-қол ақшаларын жинап алатынын білесіңдер ме? Сарбаздардан ақша жинайтынын білесіңдер ме? Әрине, білесіңдер, арыз жазғандарды қудалап, «ештеңе анықталмады» деп жылы жауып қоя саласыңдар! Кейде сендерге жемқорлықтың ашылғаны керек емес сияқты көрінеді. Еліміздің қауіпсіздігін қорғайтын қорғаныстан жемесеңдер болады ғой, Жемқорлар! Біз қалай ел боламыз? Бейбіт күнде әскерге сау жіберген сарбаз табытпен қайтып жатса?!

Уа, қара халық! Мақпал апамның арақ ішкені емес, «бейбіт заманда  сарбаздар  неге өледі?» деп неғып шуламайсыңдар? Қоғамнан талап күшейгенде мемлекет алға дамиды! Әншілердің ішкен-тышқанын, кімдермен жатқанын сөз қылатын халқы бар ел ешқашан дамымайды!» – деп жазды Айгүл Орынбек facebook-парақшасында.