×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аралды суға толтырмақ болған Айнабек енді Алматыны түтіннен арылтпақшы

20.09.2024, 18:01
Аралды суға толтырмақ болған Айнабек енді Алматыны түтіннен арылтпақшы
ашық дереккөз

Алматының жағдайына алаңдап, арнайы жоба әзірлеген Алтай Айнабек түйіні шешілмей тұрған мәселені аяқтан тұрғызуға болады дейді. Айтуынша, бұл істі бірнеше ай бұрын қолға алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИНАЛЫСТАН КӨЗ АШПАДЫҚ

Бұл туралы ол dalanews.kz сайтына берген сұқбатында айтқан.

Алматыны көк түтіннен арылту идеясына “Қаңтар оқиғасына” дейін 3-4 ай бұрын іске кірістім. Содан бері әкімшілікке және басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларға ресми үндеу жасап келемін. Бірақ осы күнге дейін тек жиналыстардан көз ашпадық. Экология министрімен жеке жолығып, осы мәселе төңірегінде сөйлескен едік. Алматы қаласының Экология басқармасымен де бірнеше рет бет көрістік. “Жасыл Алматы” сынды көптеген мекемелермен де кездесулер ұйымдастырдық. Өкінішке қарай, бітпейтін жиын мен жиналыстардан ары аса алмай қалдық, - дейді ол.

АЛМАТЫНЫҢ ТҮТІНІ БІРЕУЛЕР ҮШІН - КӘСІП

Оның сөзінше, бұл жолы да жобаны сынға алып, табалайтындар табылған.

Казгидрометтің басшысымен жеке кездесу барысында жобаны жасау мүмкін емес деп бетмізден қақты. Сонымен қатар бұған қарсы топтар да шығып жатыр. Айта кетейін, Алматының көк түтіні бәз біреулер үшін - кәсіп көзі, - дейді ол.

ҚАРАЖАТ ЖОҚ

Ғалым әкімдік тарапына арнайы ұсыныс жолдаған. Алайда қаражат әлі бөлінбеген. Оның сөзінше, жоба аясында Алматыға қарапайым жүйе жасалады. Айтуынша, бұл жоба екі қадамнан тұрады. Ал жоба жеті айға созылмақ.

Осы қазан айының ортасынан бастап, сәуір айына дейін жалғасын табады. Сол уақыттың ішінде тап-таза етіп ұстап отырамыз, - дейді ол.