COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 17 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Мәліметке сай, өткен тәулікте вирус жұқтырудың 2 901 жағдайы тіркелді. Елімізде инфекция жұқтырғандар саны 857 643-ке жетті. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 304,
Алматы қаласында - 568,
Шымкент қаласында – 96,
Ақмола облысында – 165,
Ақтөбе облысында - 210,
Алматы облысында - 264,
Атырау облысында - 98,
Шығыс Қазақстан облысында - 122,
Жамбыл облысында - 68,
Батыс Қазақстан облысында -97,
Қарағанды облысында - 388,
Қостанай облысында - 131,
Қызылорда облысында - 48,
Маңғыстау облысында - 33,
Павлодар облысында - 202,
Солтүстік Қазақстан облысында - 67,
Түркістан облысында - 40.
Елімізде 4 672 адам ковидтен жазылып шықты. Қазақстанда барлығы 784 541 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 17 қыркүйекте елімізде жұқпалы індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 259 649 адам, 2-ші компонентін 6 108 540 адам салдырды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары.