×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жаңа тренд: Квадробика қауіпті ме

04.10.2024, 11:03
Жаңа тренд: Квадробика қауіпті ме
сурет ашық дереккөзден

Қазір жасөспірімдердер арасында квадровер аталатын жаңа тренд пайда болды. Мысық, түлкі, сілеусін боп киініп, көгалдарда төрт аяқтап секіреді, кейде өтіп бара жатқандарды тістеуі де мүмкін.

Жаңа трендке ілескендердің арасында қазақстандықтар да жоқ емес. Квадроберлер Қазақстанда да бар. Мәселен, TikTok қолданушысы бөліскен төмендегі мына жазбаны қабылдай алмағандар басым болды.

«Қазір балалар, жастар көп еліктейтін болыпты. Беттеріне жан-жануардың маскасын киіп алып, саябақтарда төрт аяқтап жүгіріп жүреді. Тікелей мағынасында. Шығыс Азияда, Ресейде, Шығыс Еуропада көп. Видеолары интернетте көбейіп кетті. Өз басым қабылдай алмадым. Тіпті спорт, ойын деп қарасақ та», – деп жазды фейсбук қолданушысы Асхат Қасенғали.

Оның айтуынша бұл трендке қызығушылар Қазақстанда да соңғы жылдары жиі байқала бастаған.

Ерекше хобби әлде спорт ересектер арасында үлкен таңданыс туғызды. Кей интернет қолданушылары балалардың жануарлармен ойнауынан ешқандай оғаштық көрмегенімен, кейбірі қауіпті хобби ретінде таниды.

КВАДРОБИКА СПОРТ ПА?

Квадробика – аэробика элементтері араласқан бейресми спорт. Аталған спорт жайында алғаш рет 2008 жылы айтыла бастады. Одан кейін жапондық спринтер Кеничи Ито төрт аяқтап жүз метрді 18,58 секундта жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. 2022 жылы америкалық Колин Маклюр қашықтықты одан да жылдам жүгіріп өтті.

Кембридж ағылшын сөздігіне сәйкес спорт белгілі бір ережелер немесе параметрлер жиынтығын сақтайтын физикалық күш салуды немесе дағдыны қажет ететін ойындар, жарыстар немесе әрекеттер ретінде анықталады.

Сарапшылар, квадробиканың техникалық жағынан спортқа келмейтіндігін, сондай-ақ нақты белгіленген ережелері жоқ екендігін алға тартады.

КВАДРОБИКАМЕН КІМДЕР АЙНАЛЫСАДЫ?

2024 жылы квадробика шарттары көп өзгерді. Егер бұрын квадроберлер спорттық қиындықтарға көп қызығушылық танытса, қазіргі квадроберлер жануарларға еліктеу сөзімен үндес айтылады. Бүгінгі квадроберлер төрт аяқтай жүгіріп, бетіне жан-жануардың маскасын, табан, тырнағын тағады.

Квадробикаға көбіне 7 мен 14 жас аралығындағы жасөспірімдер қызығады. Көбіне мысық, ит, жылқы боп киініп, жануардың мінез-құлқын қайталайды. Сырттан оғаш болып көрінетін бұл трендті көпшілік әлі де спорт не қалыпты әдет ретінде қабылдай алмайды.

Ал бірнеше жылдан бері балалар кештерін ұйымдастырып жүрген қазақстандық әйел оған клиенттерінің бірі квадроберге тапсырыс беріп, аниматорлар қабылдамайтын шарттар қойғанын айтады.

«Мен мұны алыс шетелдерге тән деп ойлап жүргем, бірақ бүгін маған квадробика стилінде баланың туған күнін өткізуге қатысты тапсырыс түсті. Мен 8 жылдан бері аниматор болып келемін. Қаншама балалар психологиясына қатысты кітап оқысам да бұл қозғалыстың неліктен танымал екенін түсінбедім. Неліктен мен бұл тапсырысты қабылдамадым?! Себебі баланың анасы бізге өзімізді мысыққа ұқсауды емес, өзімізді мысық секілді ұстауымызды сұрады. Өйткені оның баласы өзін мысықтектес жануардың бір түріне балайды. Сондықтан біз оған ойын емес, өзімізді ол секілді ұстауымыз қажет екен», - деген аниматор бұл үрдің жастар арасында кең тарап жатқанын атайды.

Оның айтуынша, кейбір теріс мәнді субмәдениеттер балалардың девиантты мінез-құлқына немесе қоғамнан оқшаулануына әсер етуі мүмкін.

КВАДРОБИКА ҚАУІПТІ МЕ?

Дегенмен квадробиканың балалардың психикасына теріс немесе оң әсері туралы толыққанды зерттеулер әлі жоқ. Балалар психологы Александра Бугаеваның айтуынша, квадробика ойын әрекеті арқылы тұлғаның дамуына ықпал етеді. Маманның пікірінше, кәсіби айналыспайынша бұл үрдіс ойын ретінде қала бермек.

«Баланың психикасы оның ересею жолындағы мәселелерін шешуі керек, сондықтан квадробика оған бұл жерде жақсы көмектеседі. Егер баланы квадробикадан басқа ештеңе қызықтырмай жатса алаңдауға толық негіз бар, – дейді Бугаева.

Қыркүйек айында Ресей Федерациясы Кеңесінің сенаторы Наталья Косихина квадробер субмәдениетіне тыйым салуды ұсынды. Косихина квадроберлерік психиканы зақымдайды және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін дейді.