×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Онлайн ойын ойнаған»: Ақмола облысында суицид жасаған оқушы қыз туралы

«Онлайн ойын ойнаған»: Ақмола облысында суицид жасаған оқушы қыз туралы
Фото: pixabay.com

Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында өзіне қол жұмсаған 9-сынып оқушысының туыстары қыздың соңғы уақытта онлайн ойынға әуес болғанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АТА-АНАСЫ БІЛМЕГЕН

КТК телеарнасының мәліметіне қарағанда, полицияға жасөспірімнің суицид жасағаны туралы оның туыстары хабар берген. Олар қыздың денесін гараждан тапқан.

Естіп-білуімізше, қыздың онлайн ойын ойнағаны белгілі болды. Қыздың өзінде телефон да болмаған. Бірақ ол үйде ноутбукпен соңғы бірнеше онлайн ойын ойнаған. Әрине, бұл туралы ата-анасы білмеген. Олар қызы бөлмесінде үй тапсырмасын орындап жүр деп ойлаған, – дейді Бижамал Кожахметова.

ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қазір құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полиция тергеу туыстарының суицид туралы арызы бойынша жүріп жатқанын айтады.

Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, оқушы қыздың оқу үлгерімі жақсы болатын. Өзі де жайдары, белсенді қыз дейді ұстаздары. Елімізде суицид жиі болып жатқандықтан жасөспірім оқитын мектепте ата-аналар жиналысы болып, суицидке итермелейтін интернет ойындарының қауіптілігі туралы ескертілген.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Мектеп әкімшілігі полицияның тергеуді енді ғана бастағанын алға тартып, қайғылы оқиғаға пікір білдіруден бас тартты. 

Болған жағдайдан кейін және ата-аналар жиналысынан соң Жібек Жолы ауылының тұрғындары балаларының телефондарын мұқият тексеретін болған. Алайда олардың ешбірі телефоннан қауіпті әрі күдікті ойындар таппаған. Десе де полиция балалар арасындағы жаппай суицидке онлайн ойындардың қатысы барын растаған жоқ. 

Бұған дейін Астана маңындағы ауылдардың бірінде жасөспірім қыз өзіне қол жұмсағанын жазған едік. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушылары арасында өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюі оқушылар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруды талап ететінін айтқан еді.

Қазақстанда соңғы уақытта суицид жағдайлары жиілеп кетті.

Жуырда Almaty Management University студентінің мәйіті табылған болатын. 

Оның алдында сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында суицид жасағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 18 жастағы жігіт Алматыдағы Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен еді.

Таяуда Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан секіріп өзіне қол салған. Оның алдында екі оқушы қыз 8 қабаттан секіріп мерт болған еді. Жасөспірімдердің суицидін өзіне қол салуға итермелейтін қауіпті ойындармен байланыстырып жатқандар бар. Алайда бұл нұсқа ресми расталмады. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.