×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әйкәпір болғым келмейді»: Баян Алагөзова Алматы әкімдігіне тағы да ашуланды

«Әйкәпір болғым келмейді»: Баян Алагөзова Алматы әкімдігіне тағы да ашуланды
Фото: ашық дереккөз

Соңғы уақытта өзі тұратын Алматының қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген қазақстандық продюсер Баян Алагөзова оқырмандарына екі жаңалықты айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның алғашқы жаңалығы – жаңартылған жол туралы.

Жақсы жаңалық – Төлебаев көшесіне ашық қалған құдыққа люк орнатты. Рахмет...  Ал жаман жаңалық – олар өздіренен қалған қоқысты қалдырып кеткен. Неліктен бәрін шала-пұла жасаған? Мен әйкәріп болғым келмейді... бірақ, міне, бір апта өтті, ал қоқыс сол күйі жиналмаған... жігіттер,  неге олай істейсіңдер? – деген Алагөзова Алматы әкімдігіне жүгінген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қашанғы шыдауымыз керек»: Баян Алагөзова әкімдікке жүгінді

«Үнімді естіді»: Баян Алагөзова Алматыдағы көшелердің жөнделіп жатқанын айтты

Алагөзова VS Орманбаева дауы немен аяқталды

Продюсер Жамбыл-Төлебаев көшелерінде бір әженің құлап қалған орнын көрсетті.

Осы орайда ол Instagram-stories-те  Алматы әкімдігі мен мәслихат депутаты Қарашаш Жүзееваны белгілеген.

Еске салсақ, бұған дейін Баян Мақсатқызы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында елдің әлеуметтік мәселелеріне араласуға жиі шақыру алатынын айтқан болатын.