×
$
444.88
513.26
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.88
513.26
5.28

Белсенді Мансур Мовлаев Алматыдағы ауруханада тағы да өзіне қол жұмсамақ болды

Бүгін, 15:45
Белсенді Мансур Мовлаев Алматыдағы ауруханада тағы да өзіне қол жұмсамақ болды
instagram / movlaew_mansur

Ресейге экстрадициялануын күтіп отырған шешен белсендісі Мансур Мовлаев тағы да өзіне қол жұмсамақ болған. Ол Алматыдағы ауруханаға бұған дейін суицид жасауға тырысқаннан кейін жеткізілген еді, енді екінші рет өзіне қол салуға талпынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бұл туралы Ресейдің соғысқа қарсы комитеті мәлімдеді. Аталған ұйымды Украинаға қарсы толық ауқымды соғыс басталғаннан кейін Ресейден тыс жерлерде жүрген ресейлік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері құрған.

Мовлаевтың 15 қыркүйекте Алматыдағы тергеу изоляторында суицид жасауға оқталған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны ауруханаға жеткізген. Ұйымның хабарлауынша, Мовлаев ауруханада тағы да өзіне қол жұмсамақ болған.

БҰҰ Мовлаевты Ресейге экстрадициялауды тоқтатуды талап етті

Мансур Мовлаев 2025 жылдың мамыр айынан бері экстрадициялық қамауда отыр. Ресей билігі оны бопсалады деген айыппен елге беруді талап етіп отыр. Белсендінің өзі қылмыстық істің қолдан жасалғанын айтып, Ресейге қайтарылған жағдайда азап көремін деп қауіптеніп отыр.

Қазақстан оған босқын мәртебесін беруден бас тартып, Ресейге экстрадициялауды мақұлдаған. Алайда ақпанда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Мовлаевтың шағымы қаралғанға дейін оны экстрадицияламауды талап етті.

Бұған дейін Ulysmedia.kz Мовлаев алғашқы суицид әрекетінің алдында жазба қалдырғанын жазған. Онда ол экстрадициядан қорқатынын айтқан.

Оның адвокаты Вадим Дроздов белсендіні әрі қарай қамауда ұстау қажеттілігін қайта қарауға күш салып жатыр.