×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тойдан құрылысқа ауысқан әнші қыз желіде танымал болды

02.12.2021, 09:47
Тойдан құрылысқа ауысқан әнші қыз желіде танымал болды
Фото: бейнежазбадан скрин

Белгілі өнер иесі Сәкен Майғазиев қазіргі уақытта құрылыста қабырға сылап жүрген әнші қыз жайлы «Қазақстан дауысы» жобасына келгенде, тетікті төртеуміз де басар ма едік» деп тамсанды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызылорда облысының тумасы Дана Серікбай карантин салдарынан тойларда табыс табудан пәтерлерге жөндеу жүргізуге ауысқан.
«Желіні «жарып жатқан» аруды мен де жариялап қояйын. «Қазақстан дауысы жобасына келгенде тетікті төртеуміз де басар ма едік. «Әу» демейтін қазақ жоқ» деген сөздің дәлелі осы емес пе. Таныс болыңыздар, Дана Серікбай 1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Дананың музыкалық білімі жоқ. Тек 3 курс оқып, оқуы аяқталмай қалған. Яғни, қолында диплом да жоқ. Бірақ Алла берген дауыс бар. Қазіргі уақытта Алматыдағы пәтерлерде жөндеу жұмыстарын (евроремонт) жасап, нәпақасын тауып жүр екен. Жолың ашық болсын, Дана қыз», – деп тілегін арнады Сәкен.
Дананың өзі инстаграм мен тик-токте парақша ашып, ән жазуда екенін, біраз жерлерге шақырту алып жатқанын жазады. Осылайша өнер әлемінде тағы бір жұлдыз жарқырауы мүмкін.
 
«Ешқашан ойламаппын дәл осылай мені халық қолдайды деп. Себебі бұл менің жүрегімде тұншықтырып қойған арманым еді әнші болу. Жұмыста жүргенде ән айтып жатқанымды құрбым сыртымнан видеоға түсіріп, тиктокқа салып жіберіпті. Сосын осылай хит болып таралған екен», – деп тебіренді ол.