×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Косметикалық ота. Ұсынушы сотталып, тұтынушы дәрігерге жүгінді

10.10.2024, 17:16
Косметикалық ота. Ұсынушы сотталып, тұтынушы дәрігерге жүгінді
ашық дереккөз

Медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, денсаулыққа зиян келтірген елордалық сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде жәбірленушінің денесінде қабынып, оған медициналық көмек қажет еткен.

Кінәліге 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді – делінген Астана соты таратқан ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы азаматтарды медициналық процедураларды қабылдау үшін тек лицензиясы бар білікті мамандарға ғана жүгінудің маңыздылығы туралы ескертеді.