×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстандық кәсіпкерлер өзбек әріптестермен 2 млрд долларға келісімдер жасады

05.12.2021, 12:31
Фото: atameken.kz

Бұл келісімдерге Нұр-Сұлтан қаласында өткен IV Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің отырысы барысында қол қойылды. Жалпы сомасы 2 млрд  долларды құрайтын 15 келісім жасалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы-ның мәліметінше, қазіргі кезде Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1400 кәсіпорын жұмыс істейді. Жиын қарсаңында екі елдің кәсіпкерлері Түркістан облысында кездесу өткізіп, 600 млн долларға бірлескен келісімдер жасады.

«Оң нәтижелерді ескере отырып, жаңа ортақ жобаларды іске асыруда барынша жәрдем көрсетуді жалғастыруды ұсынамын. Қазіргі кезде бірлескен кәсіпорындарды ашуға әлеует бар. Біз үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығу үшін экспортқа бағдарланған өндірісті дамытуға бағытталған жобаларға Өзбекстан бизнесінің қатысуын қолдаймыз», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Нарықтар мен инвестициялар үшін шиеленіскен бәсекелестік жағдайында қазақстандық және өзбек кәсіпкерлеріне бірнеше бағытта даму қажет.

«Бірінші кезекте – сауда-саттық қатынас пен өнеркәсіптік кооперация қолға алынуы тиіс. Соңғы бес жыл ішінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 60 пайызға өсіп, 3 млрд-тан асты, 2021 жылдың 10 айы ішінде өсім 37 пайызды құрады. Мемлекет басшыларымыз алдымызға 2022 жылы көлемді 5 млрд-қа дейін және таяу жылдары 10 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде өршіл міндет қойды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін екі ел кәсіпкерлері бір-бірімен белсенді сауда жасап, үшінші елдердің нарығына бірлесіп шығуы үшін ортақ жол картасын әзірледік», – деді Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаков.

Бұдан бөлек, кооперациялық жобалардың дамуына «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының іске қосылуы ықпал етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шекара маңындағы сауда-логистикалық инфрақұрылымды және бірыңғай Қазақстан-Өзбекстан тауар өткізу жүйесін дамыту – транзиттік сауда көлемін 2030 жылы 37,9 млрд долларға дейін арттырады.

Серіктес жаңалықтары