×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін қайта қарау жоспарда жоқ – министрлік

06.12.2021, 19:29
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін қайта қарау жоспарда жоқ  – министрлік
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 2022 жылы жеткіліктілік мөлшер шегінің ұлғаюын ескере отырып, 180 мың адам тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ол халық пен сарапшылардың сынынан кейін министрлік 2022 жылы жеткілікті мөлшер шегін көтеруге қатысты өзгерістерді қарастырып отырмағанын айтты. 2022 жылы жеткілікті мөлшер шегі айтарлықтай көтеріледі.

«Неліктен жеткілікті мөлшер шегі екі есеге жуық, ал жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер бірнеше пайызға ғана өседі?» деген сұраққа ол бұл көрсеткіштерді есептеу кезінде әртүрлі әдістер қолданылатынын айтты.

«Жеткілікті мөлшер шегі басқа әдіспен есептеледі. Жалақының өсуімен де байланыс бар, басқа да сыртқы факторлар бар, осыны түсінулеріңіз керек. Жеткілікті шекті мөлшерді пайдалануға құқығы бар 770 мың адамның 400 мыңнан астамы өз жинақтарын баспана сатып алуға жұмсаған. Бұл – осы мүмкіндікке ие адамдардың жартысынан көбі. Тіпті, шекті меже көтерілсе де, ол мүмкіндікті пайдалана алатын 180 мыңнан астам белгілі бір категория бар», - деді Біржанов.