Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану Ережелеріне өзгерістер енгізу үдерісі жеделдеуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Фейсбук парақшасына жазды.
«Қуанышты жаңалық – біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану Ережелеріне өзгерістер енгізу үдерісі жеделдеуде. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұйрықты мерзімінен бұрын жариялауды жоспарлап отыр», - деп жазды төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Оның жазуынша, клиенттер үшін Ережелерге енгізілген бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Біз 2021 жылдың 16 желтоқсанында депозиттерді толтыру батырмасын іске қосуға және арнайы шоттар ашуға, сондай-ақ төрт күн демалысқа депозит ашуға дайынбыз. Біз жерлестеріміздің біржолғы зейнетақы төлемдерін «Отбасы Банкі» депозиттеріне аудару үшін ноутбугін ашып немесе үйдегі компьютерінен жүктеп алуына техникалық қолдау көрсетуге дайынбыз. Мұны www.enpf-otbasy.kz онлайн платформасында жүзеге асыруға болады», - дейді ол.