×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Тозақ туралы уағыз айтқан»: Ақтөбе облысында бұрынғы имам әйелін ұрып, қамап ұстаған

«Тозақ туралы уағыз айтқан»: Ақтөбе облысында бұрынғы имам әйелін ұрып, қамап ұстаған
Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бұрынғы имам әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен. Тіпті үйінде қамап ұстап, сыныптастарымен де араластырмай қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ӘЙЕЛДЕРДІҢ БӘРІ ХАРАМ»

Жәбірленуші әйелдің сіңлісі төрт баласы бар әпкесі ауру болып қалғанын айтты.

Күйеуі мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге де тыйым салды. Сүйікті ісімен айналыстырмады. Әйелдердің бәрі харам деп, олармен де араластырмады. Сондай-ақ бірыңғай жын мен тозақ туралы уағыз айтып, айтқанымды орындамасаң, разылығымды алмайсың деп ұрып-соққан. Әпкемнің түк жазығы жоқ. Өте жуас болды. Дінді жақсы ұстанып, күйеуінің разылығын аламын деп, айтқанын екі етпеді. Соңында бағынышты болып, өзі ауру болып қалды. Ауруға шалдыққанын білсе де, күйеуі медицина қызметіне жүгінбей, дін қызметкерлерін шақырып өз беттерінше емдемек болған. Осылайша әпкемнің ауруы асқынып кеткен, – дейді сіңлісі

Сондай-ақ ол бүгінде әпкесі өзімен бірге тұрып жатқанын жеткізді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Имамдар қайыршы кебін киіп жүр»: журналист ҚМДБ молдаларды баспасөзге күштеп жаздырып жатқанын айтты

Молдалардың қазақтың тарихы мен салт-дәстүрінен емтихан тапсыруын талап етемін – желі қолданушысы

Қазір әпкем төрт баласымен жанымда. Ал теолог күйеуі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Әпкем ауруға шалдыққан соң күйеуі тастап кетті, – дейді жәбірленушінің сіңлісі. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі соңғы екі жылда зайыбынан күйеуіне қатысты арыз түспегенін мәлімдеген.

Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Қазір ерлі-зайыпты арасында ажырасу процесі жүріп жатқанын қосымша хабарлаймыз. Кейінгі екі жылда зайыбынан күйеуінің тарапынан зорлық-зомбылық туралы арыз түскен жоқ, – делінген хабарламада. 

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Анаша шегеді»: Атырау мешітінің қызметкерлері имамның үстінен арызданып жатыр