×
497.26
525.21
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.26
525.21
4.97

Журналистикадан келген әріптестерім кедейлеу – Мәжіліс депутаты

Журналистикадан келген әріптестерім кедейлеу – Мәжіліс депутаты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов  тілшілерге журналистикадан келген әріптестері кедейлеу екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«600-700 МЫҢ ТЕҢГЕ ДЕГЕН НЕ?»

Әрине (қымбатшылықты – ред.), сезіндік. Бізді жарайды, ауылдағы қарапайым халыққа зардабын тигізіп жатыр.  Жалақы аламыз. Мысалы, бұрын алып жүрген жалақымыз бірталай нәрсеге жетсе... Әрине, жетпейді деп айтпаймын. Туған-туысқандарым бар, кластастарым, достарым бар.

Жалпы жас азаматтарды көріп жүрмін ғой. Журалистикадан (депутататтық қызметке – ред.) келген . 600-700 мың теңге деген не? Олардың шығындары бар. Киінуі керек. Өзін жақсы ұстауы керек. Журналистикадан келген депутаттар кедейлеу болып тұр. Оның бәрін түсінеміз, – деді ол.

ҰЛЫҚБЕК ТҰМАШИНОВ

1963 жылғы 6 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Жұлдыз ауылында дүниеге келген. VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

1970-1980 жылдары Жұлдыз ауылының Жұлдыз орта мектебінде оқып, білім алған.

1980-1985 жылдары Украина ССР-інде тұрып, Нежин педагогикалық институтында орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі деген мамандық алған.

ҚЫЗМЕТІ

1985 жылы оқу бітірісімен, өз туған ауылында, Жұлдыз орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. Мектепте орыс тілі мен дене шынықтыру пәндерінен дәріс берген.

1987 жылы аудандық партия комитетіне, ұйымдастыру бөліміне нұсқаушы болып ауысқан.

1989-1991 жылдары аудандық комсомол ұйымын басқарған.

1992 жылдан бастап аудандық дайындау мекемесін, кейін аудандық тұтынушылар одағының басшысы қызметін атқарған.

1996 жылдары Өскемен қаласында "Шарапат" сақтандыру компаниясының филиалының директоры болып жұмыс атқарған.

1999 - 2004 жылдар аралығында "Ақсу-Конечная" Қазақстан мемлекетінің алғашқы темір жол құрылысында жұмыстар жасаған.

2004 жылдан бастап "Элхон" ЖШС құрып, директор қызметін атқарған.

2011 жылдан бастап 3 рет Облыстық Мәслихат депутаты болған.

Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы болған.

Облыстық мәслихаттың "Аманат" партиясының фракциясын басқарған.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.