×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қылқындырып, жала жапты». Түрме басшылары қызметкерін ұрып-соққан

«Қылқындырып, жала жапты». Түрме басшылары қызметкерін ұрып-соққан
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысындағы №55 түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкері әділдік сұрайды. Майор Дархан Төлегенов өзін түрме басшысы ұрып-соғып, жұмыстан мәжбүрлеп шығарып жібергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕШ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН

31 телеарнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасының мәліметінше, ішкі істер органында 15 жылдан аса тәжірибесі бар азамат өзге де заңсыздықтарды айтып берген. Соның салдарынан ол түзеу мекемесінде жарты жыл ғана жұмыс істеген. Өзін түрменің 3 басшысы кабинетке кіргізіп, соққыға жықты деп отыр. Тіпті, олар орындықпен ұрып, негізсіз жала жапқан.

Қызмет бөлмесіне кіргізіп алып, «Мекемеге есірткі кіргізбек болдың», «сотталғанға ұялы телефон кіргізбек болдың» деп жалған айыптады. Сол жерде мені ұрып, мойнымнан қылқындырып, мәжбүрлі түрде баянат жаздырып алды, – дейді Дархан Төлегенов.

Ол полицейлерді шақырса да олар офицерлерге еш шара қолданбаған. Дегенмен бұл жайттан кейін түзеу мекемесінде тексеріс жүргізілген. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның бөлім бастығы Қарлығаш Құралбаева мүлде заңбұзушылық анықталмағанын айтады.

ОЛ ЕНДІ ІІМ-ГЕ ШАҒЫМДАНБАҚ

№55 түзеу мекемесінде сотталғандармен заңсыз қарым-қатынас жасағандар дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, қорытындысына сәйкес теріс қылықтар анықталмады. Ал басшыларына қатысты прокуратурамен бірге қызметтік тексеріс жүргізіліп, қорытындысына сай дәлелін таппауына байланысты, тексеріс тоқтатылды, – деді Қарлығаш Құралбаева.

Майор Дархан Төлегенов енді Ішкі істер министрлігіне шағым түсірмек. Оның айтуынша, барлық жайт бейнебақылау камерасында жазулы тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атбасардағы колонияда азаптау ісі бойынша Zoom арқылы өткен кезекті отырыста белсенді Тимур Данебаев өзінің ұрланғаны жазылған плакат ұстап тұрған еді. Сондай-ақ Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.