×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Түрмеде азапталған белсенді енді өзін ұрлап кеткенін мәлімдеді

12.11.2024, 12:45
Түрмеде азапталған белсенді енді өзін ұрлап кеткенін мәлімдеді
Коллаж Ulysmedia.kz

Белсенді Тимур Данебаевтың кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz .

МӘН-ЖАЙЫ

КазТАГ агенттігінің жазуынша, Атбасардағы колонияда азаптау ісі бойынша Zoom арқылы өткен кезекті отырыста Тимур Данебаев өзінің ұрланғаны жазылған плакат ұстап тұрған.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Данебаев түнде ескертусіз №64 мекемесінен Көкшетаудағы №65 мекемесіне ауыстырылғанын әрі қауіпті жерде екенін мәлім етті. Оның айтуынша, №65 мекемесінің басшысы Абай Ақтанов бұрын Атбасар түрмесінде болған.

Данебаевты сотқа қатысуы үшін ауыстырғаны хабарланды.

“Сот отырысында жауап алу мақсатында оны №65 мекемесіне жеткіздік”, – деп түсіндірді прокурор.

Судья Данебаев ертең жауап алу үшін сот залына жеткізілетінін, артынша қауіпсіздік шаралары қарастырылатынын айтты.

АЗАПТАУ

Еске салайық, 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде колония қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Онда Дәнебаевты жерге жатқызып, қол-аяғын ұстап, дубинкамен ұрғаны көрінеді. "БАСЕ" телеграм-арнасы жариялаған видеодағы ақпаратқа қарағанда, бейне 24 тамызда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түсірілген. Әлеуметтік желіде тараған екі видеода биыл жазда сотталған Тимур Дәнебаев қызметкердің сұрағына жауап беріп, жатын бөлмені тазалауға келісетінін айтады. Қызметкер белсендіге «санитария-гигиена нормаларын сақтау» туралы міндетін айтып, күш қолдануға бұйрық береді. Видео соңында бұйрық беруші қызметкер белсендіге әкімшілік хаттама толтырылатынын айтады.

Бұдан бұрын Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлаған.