ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
10 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам коронавирустан, тағы 5 сырқат пневмониядан көз жұмды. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында – 5 науқас. Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Павлодар облысында – 3, Алматы қаласы мен Қостанай, Алматы облыстарында – 1 адамнан көз жұмған. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.