×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бірлігіміз бекем болсын»: Димаш ел тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2021, 15:19
«Бірлігіміз бекем болсын»: Димаш ел тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: ашық дереккөзден

Диамш Құдайборген қазақстан хылқын тәуеолсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Құрметті отандастар!Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр.Рухы биік, намысы берік ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау,  халқымыздың татулығын сақтау - біздің басты мұратымыз. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс, несібе тілеймін. Еліміздің  дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Ұлттық, мемлекеттік рухымыз асқақ болғай!», -деп жазды әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.