×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Sputnik V дайындаушылар вакцинаның «омикронға» қарсы тиімділігі туралы айтты

17.12.2021, 20:31
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры зертханалық зерттеулер барысында Sputnik V вакцинасы «омикрон» штамына қарсы жоғары бейтараптандыру қабілетін көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

sputnikvaccine.com-ның мәліметінше, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Sputnik V-нің «омикронға» қарсы бейтараптандырғыш белсенділігі бастапқы Ухань штамымен салыстырғанда 11,8 есе төмендегенін айтты. Вакцина дайындаушылардың пікірінше, бұл басқа вакциналарға қарағанда 3-7 есе көп көрсеткіш. Бұған дейін оңтүстік африкалық ғалымдар екі дозамен вакцинациялау кезінде Pfizer-дің жаңа штамға қарсы бейтараптандыру белсенділігі 41 есе төмендегенін хабарлаған болатын.

Sputnik V вакцинасын әзірлеушілер оны аурудан және ауруханаға жатып қалудан қорғайды деп үміттендіруде.

Аталған қор «Спутник лайт» препаратымен қайта вакциналаудан кейін бейтараптандыратын антиденелер пациенттердің 100% -ында пайда болғанын, вакцинациядан кейін 2-3 айдан өткеннен кейін де жоғары деңгейде қалғанын айтты.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ресейлік вакцина басқа препараттарға қарағанда «омикронға» қарсы жақсы әсер ететінін айтқан.

Серіктес жаңалықтары