×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда қай салада жарты миллион теңге жалақы төленеді

20.12.2021, 11:29
Қазақстанда қай салада жарты миллион теңге жалақы төленеді
Фото: ашық дереккөз

2021 жылдың 3 тоқсанында Қазақстанда атаулы жалақы орташа есеппен 243,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға жоғары, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, нақты жалақы индексі 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,8% -ды құрады.

Егер өңірлер бойынша жалақы деңгейін салыстыратын болсақ, ағымдағы жылдың 3 тоқсанында номиналды жалақының жоғары деңгейі мұнай өңірлері мен мегаполистерге тән. Бұл жақта атаулы жалақы мөлшері республикалық деңгейден жоғары.

Мәселен, Атырау облысында бір тоқсанда өсім байқалады (+5,2%), онда жалақы республика бойынша ең жоғары болып қалды – 419,1 мың теңге. Бұдан кейін жалақысы 346,5 мың теңге болатын Маңғыстау облысы тұр, Нұр-Сұлтан қаласы – 338,4 мың теңге, Алматы қаласы – 283,7 мың теңге.

2021 жылдың 3 тоқсанындағы жағдай бойынша ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан және Жамбыл облыстарында байқалады – 181,1 мың теңге және 184,4 мың теңге. Бұл орташа республикалық мәннен 25,7% және 24,3% төмен. Осы тұста айта кететін жайт, Атырау облысынан бөлек, атаулы жалақы өсімі Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында болды: 3,2% және 2%.

Экономика салаларындағы еңбекақы деңгейіне келетін болсақ, бүгінгі таңда елдегі ең табысты салалар – су көлігі саласы. Мұнда орташа жалақы 676,7 мың теңгеге тең, сақтандыру және қаржылық қызметтер саласындағы қосалқы қызмет (632,7 мың теңге және 627,7 мың теңге), сондай-ақ басқару мәселелері бойынша кеңес беру (626 мың теңге).

Салыстырмалы түрде төмен еңбекақы өнер және ойынсауық салаларының қызметкерлерінде (162,6 мың тг.) және ауыл шаруашылығы (167,5 мың тг.) саласында тіркелген. Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері одан да аз жалақы алады – 104,4 мың теңге, ветеринарлық іспен айналысатындар орташа есеппен 135,2 мың теңге және бастауыш білім беру саласының қызметкерлері орташа есеппен 144,8 мың теңге алады.