×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанда бір жылда бала туу көрсеткіші 6,6% артты

21.12.2021, 12:02
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 1 қарашаға еліміздегі халық саны 19082,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11319,3 мың (59,3%), ауылдықтар –7763,1 мың адам (40,7%). 2020 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 249,3 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2021 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (215,6 мың адам) 3,1% өсіп, 222,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,05 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қазанда туылғандар саны 375,9 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға (352,8 мың адам) қарағанда 6,6% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,75 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 153,6 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға (137,1 мың адам) қарағанда 12% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,70 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 3020 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2768 шетінеген нәресте) 9,1% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,03 оқиғаны құрады.

Серіктес жаңалықтары