×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Гүлдер» ансамблінің солисі болған қарияға пәтер берілді

22.12.2021, 22:04
«Гүлдер» ансамблінің солисі болған қарияға пәтер берілді
Фото: ашық дереккөз

«Гүлдер» ансамблінің бұрынғы солисі, 82 жастағы алматылық қария Амангелді Шыңғысовқа қайырымды жандар ақша жинап, пәтер алып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұған дейін ол мегаполистегі вокзал маңы мен хостелдерді жағалап жүрген болатын.

«Жұбайы мен қызы дүниеден ерте кетіп, ұлы мен келіні үйінен қуып шыққан атамыз елдің бәрін жылатып еді. Сол қартымызға @elge_komek_ber қайырымдылық қорының бастамасымен, қамкөңіл халқымыз жиналып 48 сағаттың ішінде пәтер алып берді және умраға жолдама сыйлады. Ел азаматтарына және атсалысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Алла разы болсын!» - деп жазылды Инстаграмдағы парақшалардың бірінде.

Еске сала кетсек, 82 жастағы Амангелді Шыңғысов 33 жастағы ұлы мен келініне сыймай, үйден кетуге мәжбүр болған. Содан бері ол қала вокзалдарындағы ақылы жатын орындарда түнеп, хостел жағалап жүрген болатын.